
Үйлену тойлары
Үйлену тойы және Беташар
Жігіт жақ қалыңдықты жаңа әулетке ақ тілекпен қарсы алады. Беташардан кейін ән-күй мен биге толы той жалғасады.
Мәні
Үйлену тойы – жас жұбайлардың шаңырақ көтеруін атап өтетін қуанышты мереке. Жігіт жақта өтетін келін түсіру тойында қалыңдықты жаңа әулетке ақ тілекпен қарсы алады. Оның маңызды рәсімдерінің бірі – беташар. Жырмен өрілген бұл дәстүрде келін күйеуінің туған-туыстарымен танысып, ізетпен сәлем салады.
Қалай өтеді?
- 1
Қонақтардың жиналуы
Ағайын-туыс пен жақындар жігіт жақтың үйіне немесе той залына жиналып, жас жұбайлардың қуанышына ортақтасады.
- 2
Беташар жыры
Ортаға бетін жамылғымен жапқан келін шығады. Ақын не асаба күйеу жігіттің туған-туыстарын жырға қосып, келінге таныстырады.
- 3
Сәлем салу
Келін аты аталған туыстарға иіліп сәлем салады. Олар ізгі тілектерін білдіріп, көрімдік ұсынады.
- 4
Келіннің бетін ашу
Келіннің беті ашылып, жаңа әулеті оны жылы ықыласпен бауырына басады.
- 5
Той думаны
Салтанат асаба жүргізетін тойға ұласады. Ақ тілектер айтылып, ән әуелеп, күй төгіледі. Ойын мен биге толы думан кеш бойы жалғасады.
Қонақ ретіндегі рөліңіз
Беташардың әсерлі сәттеріне куә болып, той қуанышына ортақтасыңыз. Биге қосылып, көңіл көтеріңіз. Кейде шетелдік қонақтарды да жас жұбайларға ақ тілек арнауға шақырады.