
Үйлену тойлары
Қыз ұзату
Қыз баланы ата-анасының ақ батасымен, ағайын-туыстың ізгі тілегімен жаңа әулетке шығарып салатын ерекше кеш.
Мәні
Қыз ұзату – қыз баланы ата-анасының ақ батасымен, ағайын-туыстың ізгі тілегімен өзге әулетке келін етіп шығарып салу рәсімі. Бұл – қуаныш пен қимастық қатар өрілген, жүректі толқытып, көзге жас үйіретін ерекше кеш. Ата-анасы мен ата-әжесі ақыл-өсиетін айтып, туған-туысы мен достары жүрекжарды тілектерін арнайды. Ән әуелеп, сыңсу айтылған осы сәтте қыз туған шаңырағымен қоштасып, жақындарының мейірімі мен сүйіспеншілігіне бөленіп, отбасылық өмірге қадам басады.
Қалай өтеді?
- 1
Қыз ұзату тойы оның шаңырағында немесе той залында өтеді. Қыз ұзатуда қалыңдықтың киіміне ерекше мән беріледі. Сәукеле – қыздың келін атануын білдіретін, сән-салтанаты жарасқан, рухани мәні терең бас киім.
- 2
Күйеу жақтың туыстары, яғни құдаларды құрметпен қарсы алады.
- 3
Дастарқан басында екі жақ, яғни құдалар бір-біріне жүрекжарды сөз арнап, жастарға ақжарма тілек айтылады.
- 4
Қыз ұзату дәстүрінің ең толғанысқа толы сәті – сыңсу айту. Бұл ұзатылар қыздың қимастық сезімі, жаңа өмірге қадам басар алдындағы толқынысы, туған шаңырағымен, ата-анасы мен жақындарымен қоштасып айтатын мұңды да әсем жыры. Қазіргі тойларда сыңсуды қалыңдықтың атынан әншілер де орындайды.
Қонақ ретіндегі рөліңіз
Берекелі дастарқаннан дәм татып, әсем әнге құлақ түріп, ақ батаға қол жайыңыз. Биге қосылып, той қуанышын бөлісіңіз, қалыңдықтың туған шаңырағымен қоштасар тебіреністі сәтінің куәсі болыңыз!
Алдағы тойлар: Қыз ұзату
Қазір бұл түрдегі алдағы тойлар жоқ.